Мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 101 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 6808 болып тіркелді

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 "Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6157 тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларында:

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Облыстың жергілікті атқарушы органы тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

      "14-1. Облыстың жергілікті өкілді органы маслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.";

      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауызсу мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Су пайдаланушы облыстың жергілікті өкілді органынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.".

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихаты
сессиясының төрайымы
Г. Капенова
      Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
С. Ещанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи

      ресурстар және табиғат пайдалануды

      реттеу басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ Ә. Мауқұлов

      2016 жылғы 13 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады