"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094) Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының субсидияланатын әрбір түрі бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін осы қаулыға сәйкес қосымша.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қостанай қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 16 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Әкім | Б. Жақыпов |
Әкімдіктің 2016 жылғы 06 қазандағы № 2531 қаулысына қосымша |
2016 жылғы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Субсидиялар алушылардың тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері |
1 | Жаздық жұмсақ бидай | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
2 | Күздік бидай | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
3 | Жаздық қатты бидай | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
4 | Сұлы | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
5 | Арпа | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
6 | Тары | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
7 | Қарақұмық | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
8 | Күздік қара бидай | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
9 | Бұршақ | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
10 | Нұт | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
11 | Жасымық | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
12 | Күнбағыс | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
13 | Рапс | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
14 | Зығыр | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
15 | Мақсары | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
16 | Картоп | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
17 | Көкөнiстер | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
18 | Бақша дақылдары | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
19 | Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
20 | Сүрлемдік жүгері | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
21 | Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |
22 | Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер | 16 маусымнан 9 қыркүйекке дейін |