Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 04.12.2017 № 183 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәслихаттың 2016 жылғы 29 тамыздағы № 49 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6626 номірімен тіркелген, 2016 жылғы 7 қазанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды, білім беру ұйымында оқуды төлеуге бағытталған мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының оқу орындарында алғашқы техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алумен байланысты оқуды төлеу үшін мына тұлғаларға:
оқудың нақты құны бойынша шығындарды өтеу үшін жүгінгенге дейінгі соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен отбасылардағы жастарға;
оқудың нақты құны бойынша шығындарды өтеу үшін, табыстарын есептемегенде, әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын (балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және толық емес отбасылар) және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын жастарға;
нақты құны бойынша оқуды төлеу үшін, табыстарын есептемегенде, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсынысы бойынша барлық санаттағы мүгедектерге.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсынысы бойынша білім алатын оқуды төлеуге арналған әлеуметтік көмекті алған барлық санаттағы мүгедектер әлеуметтік көмек тағайындалған күннен бастап үш ай ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне оқудың нақты құнын төлеу туралы құжатты береді.
Әлеуметтік көмек 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде, оқу жылы ішінде екі бөлініп төленеді;";
37-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"37. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Е-Собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорларын пайдалана отырып жүргізеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен | |
тыс сессиясының төрағасы | Р. Исмухамбетов |
Қалалық мәслихат хатшысы | В. Лощинин |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Рудный қалалық жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________ С. Костина