Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 49 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қыркүйекте № 6626 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 183 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 04.12.2017 № 183 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 6 маусымдағы № 29 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6524 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс сессиясының төрағасы В. Мищенко
      Қалалық мәслихат хатшысы В. Лощинин

      "Рудный қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________________ С. Костина

  Мәслихаттың
2016 жылғы 29 тамыздағы № 49
шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қостанай облысында статистикалық орган есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

      5) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Рудный қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      6) адамның (отбасының) жиынтық табысы – адамның (отбасының) ақшалай да, заттай түрде де алынған табысының жалпы сомасы;

      7) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын облыстық маңызы бар қаланың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы (бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі);

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      Келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек дегеніміз отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

      4. Әлеуметтік көмек ай сайын және бір рет (күнтізбелік жыл ішінде бір рет) көрсетіледі.

      5. Жеңіс күні – 9 Мамыр мереке күні болып табылады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есептемегенде:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;

      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.

      7. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті адамдардың (отбасы мүшелерінің) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы шартымен және (немесе) еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, адамдарды (отбасы мүшелерін) өмірлік қиын жағдайдан шығару қажет болған жағдайда отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты жасалған кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын жан басына шаққандағы орташа айлық табысы бар адамдарға немесе отбасыларға көрсетіледі.

      8. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:

      1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      2) барлық санаттағы мүгедектерге, олардың санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      4) білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды, білім беру ұйымында оқуды төлеуге бағытталған мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының оқу орындарында алғашқы техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алумен байланысты оқуды төлеу үшін мына тұлғаларға:

      оқудың нақты құны бойынша шығындарды өтеу үшін жүгінгенге дейінгі соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен отбасылардағы жастарға;

      оқудың нақты құны бойынша шығындарды өтеу үшін, табыстарын есептемегенде, әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын (балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы және толық емес отбасылар) және жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын жастарға;

      нақты құны бойынша оқуды төлеу үшін, табыстарын есептемегенде, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсынысы бойынша барлық санаттағы мүгедектерге.

      Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсынысы бойынша білім алатын оқуды төлеуге арналған әлеуметтік көмекті алған барлық санаттағы мүгедектер әлеуметтік көмек тағайындалған күннен бастап үш ай ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне оқудың нақты құнын төлеу туралы құжатты береді.

      Әлеуметтік көмек 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде, оқу жылы ішінде екі бөлініп төленеді;

      5) жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;

      6) жүгінген тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табыстары бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 7 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 150000 теңге мөлшерде;

      9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен теңестірілген адамдардың басқа санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде көрсетіледі.

      Ескерту. 8 - тармаққа өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 02.12.2016 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      9. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) өмірлік қиын жағдайда жүрген әлеуметтік көмекті алушылар үшін ең төмен күнкөрiс деңгейiнен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      4) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті алушылар үшін жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтыны негіздеме болып табылады.

      10. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап үш айдан кешіктірмей көрсетіледі.

      11. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті қоспағанда әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      12. Әрбір отбасы мүшелеріне (адамға) арналған келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген адамдар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе кент, ауыл әкіміне өтінішті мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

      3) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек өтініш білдірген кезде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдар өтініш білдірген күні әңгімелесуден өтеді.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әңгімелесу нәтижесі бойынша әңгімелесу парағын ресімдейді және өтініш білдірушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады.

      Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін әңгімелесу парағына қол қойған, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдар өтінішті мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      5) Үлгілік Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және (немесе) құжат;

      6) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

      7) отбасы мүшесіне (қажет болған кезде) қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      16. Өмірлік қиын жағдайға туындаған кезде бір рет әлеуметтік көмек алу үшін өтініш білдіруші өз атынан немесе отбасы атынан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе кент, ауыл әкіміне өтінішті мынадай құжаттармен қоса ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

      3) Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

      4) осы Қағидалардың 8-тармағы 4), 5), 6)-тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасының) табыстары туралы мәліметтер;

      5) Үлгілік Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және (немесе) құжатты ұсынады;

      6) оқу төлеміне арналған әлеуметтік көмек үшін халықтың әлеуметтік жағынан осал жіктеріне жататынын растайтын құжат.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге және келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке өтініш келіп түскен кезде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе кент, ауыл әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде бір рет әлеуметтік көмекке немесе келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе кент, ауыл әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен бірге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.

      21. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасы мүшелерінің) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген айдың алдындағы үш айға алған отбасының жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      24. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде төмендегілер негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды:

      табысы есепке алынбай ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындау жағдайында қабылданған құжаттар;

      өмірлік қиын жағдай туындағанда біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау жағдайда қабылданған құжаттар және арнайы комиссияның қорытындысы.

      Осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      25. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      26. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) өмірлік қиын жағдайда жүрген әлеуметтік көмекті алушылар үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төмен күнкөрiс деңгейiнен асқан;

      4) келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті көрсету үшін отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мөлшерінің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан артқан;

      5) табысы аз азаматтар қатарынан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар, еңбекке қабілетті жастағы адамдар санаттарына жатқызылған отбасының еңбекке қабілетті бір немесе бірнеше мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысудан бас тартқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      27. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.

      28. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Рудный қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау

      29. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

      1) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке құқығы айқындалғаннан кейін өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін жеке жоспарды әзірлеу және осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады;

      2) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекке құқығы айқындалғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін, осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген жағдайларды және бірінші, екінші топ мүгедектерін, білім алушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуға әлеуметтік келісімшарт жасасу үшін Рудный қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Жұмыспен қамту орталығы) жібереді не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдама береді.

      30. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу мынадай жағдайларда:

      1) стационарлық, амбулаториялық емделу (тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжаттар ұсынылған кезде);

      2) отбасында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын басқа да еңбекке қабілетті мүшелер болған кезде отбасының еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі баланы, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекті, өзге адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға күтім жасауды қоспағанда отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне міндетті шарт болып табылады.

      31. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, адамға (отбасыға) жеке көмек жоспарын аяқтау бойынша жұмысты ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда, оны тағы алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда, келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.

      32. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге беріледі, екіншісі отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сақталады.

      33. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі барлық сатыда адамға (отбасыға) белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын сүйемелдеуді және жеке жоспарды орындауды жүзеге асырады.

5. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      34. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық–әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындағаннан кейін келесі айдан бастап тоқтатылады.

      35. Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек:

      1) әлеуметтік көмек алушы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған;

      2) жалған мәліметтер беруіне байланысты отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын бұзылған;

      3) әлеуметтік көмек алушылардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегiнен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі туралы мәліметтер анықталған;

      4) алушы қайтыс болған;

      5) жеке басын куәландыратын құжаттың қолданыстағы мерзімі өтіп кеткен;

      6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынатын, оның ішінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарынан келетін, іздеуде жүрген, із-түссіз жоғалған адамдар фактісі анықталған;

      7) қамқорлықтан (қорғаншылықтан) босатылған және шеттетілген адамдар туралы мәліметтер түскен жағдайларда тоқтатылады.

      Келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      36. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

6. Қорытынды ереже

      37. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Е-Собес" немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорларын пайдалана отырып жүргізеді.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 02.12.2016 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау
қағидаларының жобасына
1-қосымша

      Отбасының тіркеу нөмірі _________________________

Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер

Жеке қосалқы шаруашылық объектісі

Өлшем бірлігі

Саны

Жасы (үй малы, құс үшін)

Саяжай




Бақша




Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі




Шартты жер үлесі




Мүліктік пай (берілген жылы)




Үй малы, құс:




ірі қара мал: сиыр, бұқа




жылқы: бие, айғыр




түйе, інген




қой, ешкі




тауық, үйрек, қаз




шошқа




      Өтініш берушінің қолы ________________________

      Күні ________________________________________

      _______________________________________________________

      Жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі

      туралы мәліметтерді растауға уәкілетті

      органның лауазымды адамының тегі, аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда) ___________________

      (қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау
қағидаларының жобасына
2-қосымша

Отбасыға көмектің жеке жоспары

      Уәкілетті орган ____________________________________________________________

      Көмекті алушы: ____________________________________________________________

      (Аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), тұратын мекенжайы)

      Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: ___________________________________

      Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн: _________________________________

      Қажетті іс-әрекеттер: _______________________________________________________

      1. Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20 ___ жылғы _______ (айын көрсету) 20 ___ жылғы ________ іс-шаралар жоспары және сол бойынша 20 ___ жылғы ________ (айын көрсету) арналған есептілікті ұсыну

Аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

Іс-шаралар

Орындалу мерзімі

Жауапты маман

Көмекті, қызметті ұсынатын орган (мекеме)


Күнін көрсете отырып, орындалуы туралы белгі

Нәтижесі (бағалау)

1









2









3









      Жүргізілген іс-шаралар бойынша келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың түпкілікті қорытындысы: __________________

      __________________________________________________________________________

      Қажетті өзара іс-әрекеттер:

      - жұмыспен қамту органымен ________________________________________________

      - денсаулық сақтау органымен _______________________________________________

      - басқа да байланыстар ______________________________________________________

      Аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________________

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының қолы: _________

      Күні: _____________

      (Кезеңдер саны отбасындағы нақты жағдайлар мен бейімдеу бағдарламасына байланысты)

      Берілетін көмектің түрлері:

Ай сайынғы жәрдемақы

Біржолғы төлем

Жергілікті бюджеттің есебінен іске асырылатын өзге де көмек түрлері







      Біржолғы төлем кезінде:

      Шығын сметасы:

Сатып алынған техниканың, жабдықтардың және басқалардың атаулары

Сомасы, мың теңге





Барлығы:


      Отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы, теңгемен:

Келісімшарт жасалғанға дейін

Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы бойынша

әлеуметтік көмек мөлшерін қоса есептегенде

әлеуметтік көмек мөлшерін есептемегенде




      Жүргізілген іс-шаралардың тиімділігі туралы қорытынды ________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: _________________________

      __________________________________________________ ______________

      (уәкілетті өкілдің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Күні 20 __ жылғы "____" ___________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындау
қағидаларының жобасына
3-қосымша

Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты

      _______________ № ______ 20 ___ жылғы "_____" _______________

      (жасалған орны)

      Бұдан әрі "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" деп аталатын__________________________________________________________________атынан

      (уәкілетті органның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),

      __________________________________________________________________________

      уәкілетті өкілдің атқаратын лауазымы)

      бір тараптан және бұдан әрі "өтініш беруші" деп аталатын келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек алуына өтініш беруші отбасы атынан азамат __________________________

      _________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжаттың сериясы, жеке сәйкестендіру нөмірі, кім және қашан берді)

      __________________________________________________________________________

      мекенжай бойынша тұратын екінші тараптан келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек алуына отбасының белсенділігін арттырудың осы әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі-келісімшарт) төмендегі туралы жасасты:

1. Келісімшарт мәні

      Келісімшарт мәні жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен отбасы (адам) жүзеге асыратын отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.

2. Келісімшарт тараптарының міндеттері

      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

      1) өтініш берушіге және (немесе) оның отбасы мүшелеріне, отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысқан жағдайда отбасының _______ мүшесіне:_____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      _______________________________ бастап _______________ дейінгі кезеңге ай сайын

      _______________________ (_________________________________) теңге мөлшерінде

      (сомасы жазбаша)

      және (немесе) біржолғы _______________ (____________________) теңге мөлшерінде

      (сомасы жазбаша)

      __________________________________________________________________________

      (жеке қосалқы шаруашылықты дамыту (үй малын, құсын сатып алу және т.б.), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру)

      үшін әлеуметтік көмекті төлейді;

      2) келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Отбасыға көмектің жеке жоспарына (бұдан әрі – Жеке жоспар) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) отбасыны (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығару (қажет болған жағдайда) бойынша іс-шаралар ұсынуды ұйымдастырады;

      3) отбасының (адамның) өзін-өзі қамтамасыз етуге шығуына ықпал және келісімшартты іске асыру мерзімі ішінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      4) Жеке жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруға жұмылдырылған басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады;

      5) өтініш берушінің және (немесе) оның отбасы мүшелерінің Жеке жоспарды орындау бойынша келісімшарттың міндеттемелерін орындауына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

      3. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері:

      1) келісімшарт талаптарын және Жеке жоспар бойынша іс-шараларды толық көлемде орындайды және өмірлік қиын жағдайдан шығу жөнінде белсенді іс-әрекеттер қабылдайды;

      2) жұмыспен қамту орталығымен жасалған әлеуметтік келісімшарт (келісімшарттар) талаптарын орындайды;

      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысу нәтижесінде жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыс орнына жұмысқа орналасады;

      4) скринингтік тексеруден өтуі, әлеуметтік мәні бар аурулары (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) болған жағдайда емделуі тиіс, сондай–ақ жүктілігі кезінде уақытында жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында тіркеуге тұрып және жүктіліктің бүкіл кезеңі ішінде бақылауда болады;

      5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек тағайындауға және оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туындауы туралы ақпаратты көрсетілген жағдайлар туындаған күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынады;

      6) банк шотының нөмірі, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен осы өзгерістер туралы өтініш беру жолымен хабарлайды;

      7) келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер ұсынғаны анықталған жағдайда заңсыз алынған ақшалай қаражатты ерікті түрде қайтарады;

      8) келісімшартты сүйемелдеуді жүзеге асыратын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды, келісімшарттың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді ұдайы ұсынады.

3. Тараптардың құқықтары

      4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

      1) отбасының (адамның) және оның отбасы мүшелерінің мұқтаждығын тексеру және айқындау үшін үшінші адамдардан (кәсіпорындардан, салық органдарынан және басқа да ұйымдардан және мекемелерден) олардың табыстары мен мүлкі туралы қосымша мәліметтер сұратады;

      2) отбасының (адамның) материалдық жағдайын тексереді;

      3) алынған ақпаратты келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы мәселені шешу кезінде пайдаланады;

      4) егер отбасы (адам) жұмыспен қамту орталығымен жасалған келісімшарттың және әлеуметтік келісімшарттың міндеттемелерін орындамаса, келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатады;

      5) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;

      6) келісімшарт шеңберінде өзге де мәселелерді шешеді.

      5. Өтініш беруші:

      1) келісімшартта және Жеке жоспарда көзделген әлеуметтік қолдау шараларын алады;

      2) келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етеді;

      3) отбасы құрамының өзгеруіне байланысты келісімшарт негізінде әлеуметтік көмекті қайта есептеуді талап етеді;

      4) Жеке жоспар іс-шараларының орындалуымен байланысты консультация мен ақпарат алады.

4. Келісімшарттың талаптарын орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілігі

      6. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек тағайындауға берілген өтініште жалған немесе толық емес мәліметтер көрсеткені үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.

      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы отбасына (адамға) келісімшартта және әлеуметтік келісімшартта, сондай-ақ Жеке жоспарда көзделген көлемде әлеуметтік қолдау көрсетуге жауапты болады.

      8. Осы келісімшартты және әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді және оның мониторингін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.

      9. Келісімшарт талаптарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Күтпеген жағдайлар

      10. Тараптар азаматтық заңнамада көзделген күтпеген жағдайлар туындаған кезде міндеттерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      11. Күтпеген жағдайлар туындаған кезде осы келісімшартқа сәйкес қандай да болсын міндеттемелердің орындалуы осындай жағдайлардың туындауына байланысты мүмкін болмаған тарап күтпеген жағдайлар басталған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

      12. Осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі күтпеген жағдайлар орын алған, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдардың әрекеті барысына шамалас уақытқа кейінге шегеріледі.

      13. Егер күтпеген жағдайлардың туындауына байланысты тараптардың осы келісімшарт бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындай алмауы ______ (кезеңді көрсету) асатын болса, тараптар осы келісімшартты бұзуға құқылы.

6. Өзге де талаптар

      Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша келісімге қол қою арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

      Келісімшарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20 ____ жылға дейін қоса қолданылады.

      Келісімшартты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасы (адам) осы келісімшарттың және жұмыспен қамту орталығы мен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері арасында жасалған әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындамаған кезде бір жақты тәртіппен бұзылады.

      Осы келісімшарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған.

7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік Өтініш беруші

      бағдарламалар бөлімі

      ______________________________ ___________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      _____________________________ ____________________________

      (мекенжайы) (мекенжайы)

      _____________________________ ____________________________

      (телефон, факс) (телефон)

      ______________________________

      (уәкілетті өкілдің тегі, аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________ ________________________

      (қолы) (қолы)

      Мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады