Мемлекеттік жалға берілетін үйлердегі коммуналдық тұрғынжай қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 97 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 мамырда № 6329 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 24.09.2024 № 371 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік жалға берілетін үйлердегі коммуналдық тұрғынжай қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері:
      1) Арқалық қаласы, Абай даңғылы № 54 үй мекен-жайы бойынша, № 21 пәтеріне жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін 73,91 теңге көлемінде;
      2) Арқалық қаласы, Горбачев көшесі № 55/1 үй мекен-жайы бойынша, № 7 пәтеріне жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін 54,11 теңге көлемінде;
      3) Арқалық қаласы, Абай даңғылы № 92 үй мекен-жайы бойынша, № 3 пәтеріне жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін 44,53 теңге көлемінде;
      4) Арқалық қаласы, Ш. Жәнібек көшесі № 77 үй мекен-жайы бойынша, № 43 пәтеріне жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін 75,09 теңге көлемінде;
      5) Арқалық қаласы, Абай даңғылы № 26 үй мекен-жайы бойынша, № 12 пәтеріне жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін 53,35 теңге көлемінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 24.09.2024 № 371 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің коммуналдық мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады