Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 21.08.2024 № 91 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 25 ақпандағы № 252 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5422 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Таза бұлақ Чистый родник" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) "Халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаментінің Алтынсарин ауданының бөлімі Қостанай облысы бойынша филиалының "Азаматтар үшін үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" бейкоммерциялық акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) жүгінеді немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтінішпен және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады";
3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессиясының төрағасы | К. Сарбасов |
Алтынсарин аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Есмұханов |
"Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
________________ О. Банкова
2016 жылы 1 сәуір
"Алтынсарин ауданы әкiмдiгiнiң
экономика және қаржы бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
_________________ Е. Павлюк
2016 жылы 1 сәуір