Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 28.12.2020 № 341 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қыркүйектегі № 132 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4248 тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда "Таза бұлақ – Чистый родник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармағының 8)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) уәкiлеттi ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциаялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" департаментінің Алтынсарин аудандық бөлімшесі";
7-тармағының 2)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге түрлерін алушыларды есептемегенде, өтініш жасалған айдың алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ, табыстарын есептемегенде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын (балалар үйінің түлектеріне, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және толық емес отбасылары) жастарға, алғашқы, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiмдi алуға байланысты оқудың күндізгі нысанын төлеу үшін, оқу жылы ішінде екі бөлініп аударылатын, 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде";
23-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
кезекті сессиясының төрағасы | А. Лингер |
Алтынсарин аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Есмұханов |
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ О. Банкова