Алтынсарин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 49 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 қарашада № 6710 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 292 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы мәслихатының 10.02.2020 № 292 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінін 19-1–бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазакстан Республикасы Заңының 6–бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтынсарин аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алтынсарин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау осы мәселені жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Лингер
      Алтынсарин ауданы
маслихатының хатшысы
Б. Есмұханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінін

      бастығы

      _________________ Е. Ишмухамбетов

      2016 жыл 24 қазан

  Мәслихаттын
2016 жылғы 24 қазандағы № 49
шешіміне 1-қосымша

Алтынсарин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарын түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептеу бірлігі

Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,30

2

Интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқталар

1 орын

1,10

3

Қонақ үйлер, демалыс үйлері

1 орын

1,70

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

1,31

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, конторалар, жинақ банктері, байланыс бөлімшелер

1 қызметкер

1,57

6

Емханалар

1 баруы

0,05

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек орын

1,70

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,15

9

Мейрамханалар, демханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,25

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын - ойын-сауық орталықтары

1 отыратын орын

0,30

11

Спорттық, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,24

12

Азық түлік дүкендері

Сату аланнын 1 м2

0,60

13

Өнеркәсіптік, тауарлардың дүкендері

Сату аланнын 1 м2

0,55

14

Дәріханалар

Сату аланнын 1 м2

0,42

15

Автотұрақтар, автомобилбді жуу орындары, автожаңармай құю станциялары, гараждар

1 көлік орын

1,50

16

Автомобиль шеберханалары

1 қызметкер

0,90

17

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орын

1,10

18

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,30

19

Моншалар сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,85

20

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,90


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады