2016 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әpбip түpi бойынша субсидиялар алуға арналған тізіміне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 247 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 6743 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар -жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10 - тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар - жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық - материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тізіміне қосу үшін ұсыну мерзімдері субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір түрі бойынша айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Алтынсарин ауданы
әкімінің міндетін атқарушы
Р. Халықов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 247 қаулысына қосымша

2016 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері

1

Жаздық жұмсақ бидай

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

2

Жаздық қатты бидай

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

3

Сұлы, арпа

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

4

Тары, қарақұмық

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

5

Бұршақ, анқа, жасымық

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

6

Күнбағыс

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

7

Рапс

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

8

Зығыр

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

9

Мақсары

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

10

Картоп

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

11

Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

12

Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін

13

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

1 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады