Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 14 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 мамырда № 6375 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 221 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 08.06.2018 № 221 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексі 386-бабының 5 тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 18 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Кезектен тыс сессия төрағасы Б. Дәуітбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы Қ. Кеделбаев

      Амангелді ауданы әкімдігінің жер

      қатынастары бөлімі" коммуналдық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ Қ. Кенжебаев

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      Министрлігінің мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      мемлекеттік кірістер Департаментінің

      Амангелді ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ М. Сейткамалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады