"Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 46 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 сәуірде № 6281 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 140 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 15.06.2016 № 140 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Занының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі

А. Балғарин



Әулиекөл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 17 наурыздағы
№ 46 қаулысымен бекітілген

"Әулиекөл ауданы әкімдігінің iшкi саясат бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1.Жалпы ережелер

      1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің iшкi саясат бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі ішкi саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Әулиекөл ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің мынадай ведомствосы бар:
      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
            7. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110400 индексі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесi, 44.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы iшкi саясат саласында басқару қызметiн жүзеге асырудан тұрады.
      15. Міндеттері:
      1) Қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мен түсіндіру;
      2) Казақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, мәслихаттың, әкiмнiң және аудан әкiмдігінің актiлерi мен тапсырмаларына сәйкес "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіндегі мәселелер бойынша ауданда мемлекет iшкi саясатының жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының орындауды қамтамасыз ету және iске асыру;
      16. Функциялары:
      1) әлеуметтік шиеленістің туындау тәуекелдерінің мониторингін жүзеге асыру, өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденциясын жан-жақты және объективті зерттеу, жинақтап қорыту және талдау.
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
      3) жастар саясатын iске асыру, ауданның жастар бiрлестiктерi жұмысына ықпал ету және үйлестiру
      4) саяси партиялармен, ұлттық – мәдени бiрлестiктермен, құқық қорғау, дiни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге да функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан сұрату, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды өңдеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      2) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сонымен қатар әкім мен аудан әкімдігінің актілері мен тапсырыстарын сапалы, мерзімінде орындау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      19. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      20. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік және басқа органдарда "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      2) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
      3) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені және "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штаттық қызметкерлер саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді, еңбекақы төлемі қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыруды (сыйақы) белгілейді;
      4) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      5) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
      6) "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет туралы заңының орындалуын бақылайды;
      7) жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізеді, сол үшін дербес жауапты болады;
      9) өз құзіреті шегінде гендірлік саясатты іске асырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыраты тұлға орындайды.
 

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      21. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады