Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланыл-майтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланыл-майтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 2 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Кезектен тыс сессияның төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Д. Қойшыбаев |
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Бекмурзин А.Т.
Әулиекөл ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
_______________ Нұрахметова Г.К.