Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 15 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 185 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 сәуірде № 7689 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 15 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6318 тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоғызыншы сессияның төрайымы С. Максютова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Қойшыбаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ Бекмурзин А. Т.

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Әулиекөл ауданы бойынша

      Мемлекеттік кірістер басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ Нұрахметова Г. К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады