Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 14.05.2018 № 203 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әулиекөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | М. Есенғалиев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Қойшыбаев |
"Әулиекөл ауданы әкімдігінің
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________ Махмұтов Д.Б.
Мәслихаттың 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №57 шешіміне қосымша |
Әулиекөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ р/с | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объекті | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың жинақталу нормасы, м3 |
1 | Үйлер: жайлы және жайлы емес | 1 тұрғын | 1,48 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,08 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,51 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,43 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,15 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,01 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,84 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,18 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 орын | 1,35 |
10 | Кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар | 1 орын | 0,32 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м2 | 0,04 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,16 |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1м2 | 0,65 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1м2 | 0,4 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда алаңы 1м2 | 0,08 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м2 | 0,43 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,03 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1м2 | 0,01 |
20 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м2 | 0,07 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар | Жалпы алаңы 1м2 | 0,13 |
22 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1м2 | 0,16 |
23 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м2 | 0,16 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары, гараждар | 1 машина-орын | 1,86 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 3,13 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гараж | 0,27 |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,8 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м2 | 0,16 |
29 | Зергерлік, аяқ-киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м2 | 1,0 |
30 | Шағын жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,6 |
31 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1м2 | 0,1 |
32 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,09 |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,52 |