Мәслихаттың 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 57 "Әулиекөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 мамырдағы № 203 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 18 мамырда № 7773 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2- тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 57 "Әулиекөл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6659 тіркелген, 2016 жылғы 27 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы Д. Қойшыбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің

      тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _____________________ Қуанышбаев Б.А.

      2018 жылғы "14" мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады