Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің Харков ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 желтоқсанда № 6720 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі әкімінің 16.11.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7 тармақшасына сәйкес және Әулиекөл ауданының "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2016 жылғы 28 қазандағы № 423 ұсынысы негізінде Чернигов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Харков ауылы аумағында ірі қарамалдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әулиекөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 28 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      К. Құсайынова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария
      бөлімі"мемлекетті мекемесінің басшысының
      міндетің атқарушы
      __________________________ С.Ж. Туралин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      __________________________ А.Т.Тайшибаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық
      экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитетінің Қостанай облысы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаментінің Әулиекөл аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _____________________ Е.Г. Дуйсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады