Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің Харков ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қарашада № 7347 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 405 ұсынысы негізінде Чернигов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің Харков ауылы аумағында ірі қарамалдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Чернигов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1 "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің Харков ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6720 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 желтоқсанда "Әділет" акпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Н. Құрманғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ Ахметжанова Д.А.

      2017 жылғы 16 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Әулиекөл

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ______________ Тайшибаев А. Т.

      2017 жылғы 16 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы денсаулық

      сақтау Министрлігі қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы қоғамдық

      денсаулық сақтау Департаментінің

      Әулиекөл аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ___________________ Дуйсенов Е. Г.

      2017 жылғы 16 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады