"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің ауыл шаруашылық саласы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 5 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | А. Кенжегарин |
Әкімдіктің 2016 жылғы 3 қазандағы № 109 қаулысына қосымша |
2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері.
№ | Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі | Өтінімдерді ұсыну мерзімдері |
1 |
Жаздық жұмсақ бидай | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қырқүйекке дейін |
2 |
Арпа | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
3 | Жаздық қатты бидай | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
4 |
Бұршақ | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
5 | Күнбағыс | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
6 | Рапс | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
7 | Зығыр | 2016 жылғы 5 қырқүйектен бастап 9 қырқүйекке дейін |
8 | Мақсары | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
9 | Картоп | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
10 | Бақша дақылдары | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
11 | Көкөністер | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
12 | Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
13 | Сүрлемдік жүгері | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
14 | Жем шөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көп жылдық шөптер. | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |
15 | Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер | 2016 жылғы 5 қыркүйектен бастап 9 қыркүйекке дейін |