2016 жылы басым ауыл шаруашылығы дақылдарын әрбір түрі бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 285 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қазанда № 6663 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 29 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Жітіқара
      ауданының әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 285 қаулысына қосымша

2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері

р/с №

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

Өтінімдерді ұсыну мерзімдері

1

2

3

1

Жаздық жұмсақ бидай

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

2

Жаздық қатты бидай

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

3

Сұлы

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

4

Арпа

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

5

Зығыр

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

6

Картоп

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

7

Көкөністер

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

8

Бақша дақылдары

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

9

Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

10

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

29 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады