Мәслихаттың 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 157 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 қарашадағы № 68 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 желтоқсандағы № 6721 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 438 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 04.09.2020 № 438 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 157 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4245 тіркелген, 2013 жылғы 24 қазанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Жітіқара аудандық бөлімшесі";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алумен байланысты оқуға ақы төлеу үшін нақты құны бойынша, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, білім беру ұйымында оқуды төлеуге бағытталған, бiлiм беру гранттарының иегерлерi болып табылатын адамдарды, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге түрлерін алушыларды есептемегенде, алғашқы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім (бұдан әрі - білім) алатын барлық санаттағы мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға (бұдан әрі - мүгедектер), оқуға ақы төлеуге, табыстарын есепке алмай, оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 450 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Мункебаев
      Жітіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Кабиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ А. Мекебаева

      2016 жылғы 21 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік жоспарлау

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      _________________ Г. Баймухамбетова

      2016 жылғы 21 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады