"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған Қамысты ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша өндiру үшiн егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | Ж. Бисимбаев |
Әкімдіктің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 121 қаулысына қосымша |
Қамысты ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша өндiру үшiн егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі | Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
III Құрғақ дала аймағы | ||
1 | Жаздық жұмсақ бидай | 2016 жылғы 15 мамырдан 2 маусымға дейін |
2 | Арпа | 2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін |
3 | Сұлы | 2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін |
4 | Гречиха | 2016 жылғы 15 мамырдан 10 маусымға дейін |