2016 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қамысты ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 136 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қазанда № 6654 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған ауыл шаруашылығы басым дақылдарының субсидияланатын әр түрі бойынша басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тiзiмге қосу үшін ұсыну мерзімдері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 13 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Ж. Бисимбаев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 136 қаулысына қосымша

Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Субсидиялар алуға арналған тiзiмiне қосу үшін өтінімдерді ұсыну мерзімдері

1

Жаздық жұмсақ бидай
Күздік бидай

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

2

Жаздық қатты бидай

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

3

Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

4

Күздік қара бидай

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

5

Бұршақ
Нұт
Жасымық

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

6

Күнбағыс

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

7

Рапс

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

8

Зығыр

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

9

Мақсары

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

10

Картоп

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

11

Көкөнiстер

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

12

Бақша дақылдары

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

13

Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

14

Сүрлемдік жүгері

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

15

Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін

16

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

13 маусымнан бастап 2 қыркүйекке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады