Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2016 жылғы 5 мамырдағы № 21 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 мамырда № 6391 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 224 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 224 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 - бабының 1 - тармағына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасы Кодексінің 387 бабының 1-тармағымен белгіленген жер салығының мөлшерлемелері базалық мөлшерлемелерінен 50 пайызға жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 27.06.2017 № 154 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Екінші сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы
А. Тюлюбаев

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігі Мемлекеттік кірістер

      комитетінің Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Қарабалық ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" РММ басшысы

      ________________ К. Космухамбетов

      5 мамыр 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады