Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округі әкімінің 19.06.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 24.05.2017 бастап туындаған қатынастарға таратылады).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 - бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 25 қазандағы № 01-20/313 ұсынысы негізінде, Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Смирнов ауылдық округі, Приозерное ауылында орналасқан "Тогас и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының туындауына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің Қарабалық аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), "Қарабалық ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық - санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бықылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 25 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Смирнов ауылдық округінің әкімі |
Б. Қапанова |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау
комитетінің Қарабалық аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ М. Балмағамбетова
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министірлігі
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау Комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау
Департаментінің Қарабалық
аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ Е. Дәулетбаев
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Б. Ермұхаметов