Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 7133 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1- бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 01-20/166 ұсынысы негізінде, Смирнов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округінің Приозерное ауылында орналасқан "Тогас и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағынаң ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Смирнов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 1 "Шектеулі іс-шараларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6728 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 желтоқсанда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 24 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Смирнов ауылдық округінің әкімі Б. Капанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы Министрлігі

      Ветеринариялық бақылау және

      кадағалау комитетінің Қарабалық

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттік мекемесі

      басшысының міндетін атқарушы

      ____________ Е. Пшеничникова

      2017 жылғы 19 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Қарабалық

      аудандық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесі басшысының міндетін

      атқарушы

      ______________ С. Каратаев

      2017 жылғы 19 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарабалық ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________Б. Ирмухаметов

      2017 жылғы 19 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады