Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округі әкімінің 13.04.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 13.03.2017 туындаған қатынастарға таратылады).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 01-20/280 ұсынысы негізінде Шолақашы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Шолақашы ауылдық округінің Жаныспай ауылына жақын орналасқан "Малая Бобровка" фермерлік шаруашылығы ірі қарамалдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қарасу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қарасу аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шолақашы ауылдық округінің әкімі |
С. Жансүгірова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарасу ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Бейсенов А.Б.
2016 жылы 17 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Қарасу аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Кайзер В.В.
2016 жылы 17 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Қарасу
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Таукеев Е.А.
2016 жылы 17 қараша