"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2011 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35 - бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 01-20/61 ұсынысы негізінде Шолақашы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Шолақашы ауылдық округінің Жаныспай ауылының аумағында орналасқан ірі қара малдың бруцеллез бойынша "Малая Бобровка" фермерлік шаруашылығында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Шолақашы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 1 "Қостанай облысы Қарасу ауданыны, Шолақашы ауылдық округі Жаныспай ауылының аумағында орналасқан "Малая Бобровка" фермерлік шаруашылығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6712 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 13 наурызда туындаған қатынастарға таратылады.
Шолақашы ауылдық округінің әкімі |
С. Жансүгірова |
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Бейсенов А.Б.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
Қарасу аудандық тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ Кайзер В.В.
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Қарасу
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Таукеев Е.А.