Қостанай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 16 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде № 6295 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 8-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Қостанай аудандық


      мәслихатының кезектен


      тыс сессиясының төрағасы

А. Кириченко

      Қостанай аудандық


      мәслихатының хатшысы

А. Досжанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады