Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 13 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 мамырда № 6335 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 239 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 239 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. Мәслихаттың "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және жер салығының бірыңғай салық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы" 2015 жылғы 11 наурыздағы № 279 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5512 тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Арна" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы
А. Кириченко
      Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Досжанов

      Қостанай ауданы әкімдігінің

      "Жер қатынастары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ____________ М. Темирбаев

      Қостанай облысы бойынша

      мемлекеттік кірістер

      Департаментінің "Қостанай

      ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы"

      Республикалық мемлекеттік

      мекемесі басшысының

      міндеттерін атқарушы

      _______________ А. Бекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады