Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 284 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 216 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 мамырда № 6355 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 284 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5746 болып тіркелген, "Арна" газетінде 2015 жылдың 23 шілдесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы 13-тармағымен толықтырылсын:
      "13. Затобол кенті, Нұрай шағын ауданы, 6 үй, жалпы алаңы бір шаршы метріне айына 72 теңге көлемінде".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
 

      Аудан әкімі

Т. Исабаев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады