2016 жылы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 507 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қазанда № 6668 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген, Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 14 маусымнан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қостанай ауданының әкімі К. Ахметов

  Әкімдіктің
2016 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 507 қаулысына қосымша

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының субсидияланатын түрлері

2016 жылға өтінімді ұсыну мерзімдері

1

Жаздық жұмсақ бидай
Күздік бидай

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

2

Жаздық қатты бидай

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

3

Сұлы
Арпа
Тары
Қарақұмық

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

4

Күздік қара бидай

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

5

Бұршақ
Аңқа
Жасымық

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

6

Күнбағыс

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

7

Рапс

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

8

Зығыр

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

9

Мақсары

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

10

Картоп
Картоп тамшылатып суаруда

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

11

Көкөністер
Көкөністер тамшылатып суаруда
Көкөністер барлық түрдегі жылыжайларда топырақтың қорғалған жағдайларында, 2 дақыл айналымы

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

12

Бақша дақылдары

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

13

Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

14

Сүрлемдік жүгері
Сүрлемдік жүгері суаруда

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

15

Жемшөптік дақылдар, оның ішінде бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
Жемшөптік дақылдар суаруда

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін

16

Шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шөп егіп жаңарту және (немесе түпкілікті жақсарту) үшін бірінші, екінші және үшінші жылдары өсіп жатқан көп жылдық шөптер

14 маусымнан бастап 15 қыркүйекке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады