Шектеуші шараларды анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 маусымда № 6498 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округі әкімінің 10.02.2017 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жәрияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі және 30.11.2016 бастап туындаған қатынстарға таратылады).
      2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігінің қадағалау және ветеринариялық бақылау Комитеті Меңдіқара ауданының аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік инспекторы 2016 жылғы 30 мамырдағы № 01-27/66 ұсынысы негізінде Соснов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Меңдіқара ауданының Никитинка ауылында орналасқан "Фирма ПИК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара мал бруцеллезінің пайда болуына байланысты шектеу іс - шаралар белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі қадағалау және ветеринарлық бақылау Комитеті Меңдіқара ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), жетістікке жету үшін, қажетті іс-шараларды өткізуге ұсыныс жасалсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жәрияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі және 2016 жылғы 30 мамырдан бастап туындаған қатынстарға таратылады.
       Ә. Елжанова

      "Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық
      Министрлігі қадағалау және ветеринарлық
      бақылау Комитеті Меңдіқара ауданының
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Құрманова
      3 маусым 2016 жыл
      "Меңдіқара ауданы әкімдігінің
      ветеринария бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ___________________ Н. Репик
      30 маусым 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады