1. Таран ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | Т. Ибрашев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Сапабеков |
"Таран ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_________________ В. Ересько
"21" сәуір 2016 жыл