Мәслихаттың 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 24 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 мамырда № 6373 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 15 мамырдағы № 383 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 15.05.2020 № 383 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 30 қазандағы № 235 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5164 тіркелген, 2014 жылғы 27 қарашадағы "Маяк" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.";
      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
      мүгедектігі туралы анықтама;
      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
      мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы Т. Ибрашев
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы С. Сапабеков

      "Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      ______________________ Л. Өтешева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады