Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 15 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 6350 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 228 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 228 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 5-тармағына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Е. Жданова
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Бекенов

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы Министрлігінің мемлекеттік

      кірістер комитеті Қостанай облысы

      бойынша мемлекеттік кірістер

      Департаментінің Федоров ауданы

      бойынша мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      _________________ А. Зұлқарнаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады