Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 02.03.2022 № 103 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. Мәслихаттың 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 15 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6350 тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Исенғазин |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі "Мемлекеттік кірістер
комитетінің Қостанай облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаменті
Федоров ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" Республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________ А. Кожуков
КЕЛІСІЛДІ
"Федоров ауданының жер
қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________ А. Шматко