Федоров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 23 тамыздағы № 56 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте № 6624 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 202 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 14.02.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 189 "Қостанай облысы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5634 болып тіркелген) сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Федоров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

      "Федоров ауданының

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" ММ басшысының

      міндетін атқарушы

      _________________ Н. Статьев

  Мәслихаттың
2016 жылғы 23 тамыздағы
№ 56 шешіміне қосымша

Федоров ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтар жинақталуының жылдық нормасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,37

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,97

3

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,57

4

Қонақ үйлер, демалыс үйлері

1 орын

1,4

5

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

1,21

6

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,57

7

Емханалар

1 адам

0,5

8

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек орын

1,7

9

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,17

10

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

1,25

11

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,3

12

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңы 1 м2

0,6

13

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,5

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,4

15

Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,15

16

Вокзалдар, автовокзалдар

жалпы алаңы 1 м2

0,15

17

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,5

18

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожаңармай құю станциялары, гараждар

1 машина-орын

1

19

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,57

20

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,2

21

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

1,2

22

Аяқ киімді жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

1,2

23

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,35


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады