Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 207 "Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 83 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 6815 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 53 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 14.09.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 ақпандағы № 207 "Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4566 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      IV сессияның төрағасы Н. Пужанский
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қосарал ауылдық

      округінің әкімі

      __________ А. Байқадамова

  Мәслихаттың
2016 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 83 шешіміне қосымша
  Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 207 шешіміне қосымша

Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Кеңарал ауылының тұрғындарына

69

Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Жыланды ауылының тұрғындарына

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады