Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 277/8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 31/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 03 наурызда № 4952 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 359/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 16.11.2017 № 359/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 277/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4003 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйекте "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      19-тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) ішкі аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдауды, бағалауды және тексеруді жүзеге асырады.";

      20-тармақ келесі мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

      "24) облыс әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі аудит нәтижелері туралы есеп береді.";

      25-тармақта:

      3), 5), 8), 9), 11), 12), 13), 18), 19), 20), 22) тармақшалар алынып тасталсын;

      келесі мазмұндағы 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39) тармақшалармен толықтырылсын;

      "27) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды үйымдастырады;

      28) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      29) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

      30) аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

      31) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      32) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      33) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

      34) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;

      35) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

      36) облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;

      37) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      38) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалар мен Қазақстан Рсепубликасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі функцияларды жүктейді;

      39) Қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.".

      2. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады