"Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 67/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 наурызда № 4979 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 355/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 15.11.2017 № 355/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "25" ақпандағы
№ 67/2 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі индустриялық-инновациялық дамыту саласында облыстық деңгейде өз құзыреті шегінде басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 61-үй.

      10. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі:

      дүйсенбі-жұма 9 сағат 00 минуттан 18 сағат 30 минутқа дейін, түскі үзіліс 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі,

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление индустриально-инновационного развития Павлодарской области".

      12. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекет кірісіне жіберіледі.

2. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық
даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Павлодар облысын индустриялық-инновациялық дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

      17. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Павлодар облысының өнеркәсіптік әлеуетін тиімді дамытуға және индустриялық-инновациялық дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      18. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні индустриялық-инновациялық дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) Павлодар облысы экономикасының басымдықты секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      2) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;

      3) инновацияарды тиімді енгізуді және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;

      4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыру.

      20. Функциялары:

      1) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған жағдайда, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауды жүзеге асыру;

      2) Павлодар облысының аумағында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыруға қатысу;

      3) Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының қатысуымен Өңірдің кәсіпкерлігін қолдау картасын әзірлеу және бекіту;

      4) индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;

      5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы жергілікті қамту бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысан мен мерзім бойынша жинақтауды, талдауды және ұсынуды жүзеге асыру;

      6) еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, өндiрiстiк тiзбектi ұзарту және нарықты кеңейту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, өндірістік қуаттар құру және қалпына келтіру, оңалтылатын өндірістерді іске қосу мақсатында өндiрiстік объектілердің инвестициялық тартымдылығын жаңғыртуға техникалық қайта жарақтандыруға), жақсартуға және (немесе) қалпына келтіруге жәрдемдесу;

      7) өз құзыреті шегінде Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру және мониторингілеу;

      8) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру туралы ақпаратты ұсыну;

      9) индустриялық-инновациялық субъектілеріне технологияларды коммерцияландыруда жәрдемдесу;

      10) индустриялық-инновациялық субъектілеріне экспорттық әлеуетті дамытуда жәрдемдесу;

      11) "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      12) "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының қатысушыларын "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының қызметіне қатысуға тарту;

      13) "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыру, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына өнеркәсіптің жетекшілік ететін салаларын дамытудың негізгі бағыттары, облысты индустриялық-инновациялық дамыту, инвестициялар тарту, салаларда туындаған мәселелерді жедел шешу бойынша ұсыныстарды қарауға енгізу;

      2) белгiленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың келісімі бойынша "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойған міндеттерін орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпараттар сұрату және алу;

      3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

      4) мемлекеттік органдарда, сотта "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;

      5) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау.

3. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді.

      23. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      25. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды.

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      5) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

      8) "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      9) құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кеңесін өткізеді;

      10) "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреседі және ол үшін дербес жауап береді.

      "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.

      27. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      28. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саладағы уәкілетті органның арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

      29. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес реттеледі.

4. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық
даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесі берген мүлік пен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық
даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру
және тарату (қысқарту)

      33. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда, кредиторлар талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.

6. "Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы.

      2) "Инвестициялар тарту агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      3) "Павлодар өңірлік ғылыми-техникалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (мемлекеттің қатысу үлесі жарғылық капиталының 49%-ы мөлшерінде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады