Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 212/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 5186 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" № 920 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулының бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 4 шілдедегі
№ 212/5 қаулысына
қосымша

Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру
түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер

Р/с №
Критерийдің атауы
Айыру түрлері
1
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекет мүдделілігінің болмауы;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын қамту;
объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату.
Аукцион түріндегі сауда-саттықтар
2
Жекешелендіру объектісінің қызмет бейінін белгілі бір уақыт кезеңіне сақтау;
объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату.
Тендер түріндегі сауда-саттықтар
3
Жекешелендіру объектісіне белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттің бақылауын сақтай отырып, қаржылық қаражатты тарту;
сенімгерлік басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару немесе мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындауы.
Тікелей мекенжайлық сату
4
Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды әрі қарай бақылауға мүдделілік болмағанда, оларды сату;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
жекешелендіру объектісінің тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкестігі
Қор биржасындағы сауда-саттықтар
5
Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын өтімді бағалы қағаздарды сатудың қажеттігі;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту.
Туынды бағалы қағаздарды сату
6
Жекешелендіру объектісінің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан әрекет ететін айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын баланстық құнында;
тәуелсіз консультантты тарту.
Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады