Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі "Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы" № 228/5 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 305/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қазанда № 5254 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 220/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 28.07.2017 № 220/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 шілдедегі "Субсидияланатын гербицидтердің түрлерін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы" № 228/5 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5173 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195-жолдармен толықтырылсын.
      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" қазандағы
№ 305/7 қаулысына
қосымша

      "

186

Арбалет 60%, с.ұ. (метсульфурон-метил, 600 г/кг)

килограмм

50

25000,0

187

Эстер, 85% э.к. (2,4-Д 2-этилгексил эфирі түріндегі қышқыл, 850 г/л)

литр

50

2000,0

188

Дикамин Д 72%, в.р. (амин тұзы 2,4-Д)

литр

50

1500,0

189

Триумф, 48% в.р. (глифосат, 360 г/л)

литр

50

1500,0

190

Триумф макс, в.р. (глифосат, 540 г/л)

литр

50

2000,0

191

Игл 10%, к.э. (феноксапроп-п-этил, 100 г/л + клоквинтоцет-мексил (антидот), 27 г/л)

литр

50

4250,0

192

Либерти 8%, к.э. (клодинафоп-пропаргил, 80 г/л + клоквинтоцет-мексил (антидот), 20 г/л)

литр

50

4250,0

193

Самурай, в.р. (клопиралид, 300 г/л)

литр

50

7000,0

194

Респект, в.д.г. (трибенурон-метил, 750 г/кг)

килограмм

50

37500,0

195

Торнадо 500, в.р. (глифосат, 500 г/л)

литр

50

1558,5

      "

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады