Облыстық мәслихатының (V сайланған XХХVІІ сессиясы) 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 301/37 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 79/10 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 5330 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 350/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облыстық мәслихатының 14.06.2019 № 350/31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 495-бабы 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 5-тармағына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облыстық мәслихатының (V сайланған, XХХVII сессиясы) 2014 жылғы 12 желтоқсандағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 301/37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4233 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 желтоқсандағы "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 2, 9-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

№ п/п

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)


1

2

3


1.

Көмірсутектер

44,6


2.

Көміртегі тотықтары

14,6


3.

Метан

0,8


4.

Күкірт диоксиды

200


5.

Азот диоксиды

200


6.

Күл

240


7.

Күкіртті сутегі

1240


8.

Меркаптан

199320

";

      "9. Экологиялық рұқсатсыз, сондай-ақ белгіленген нормативтерден тыс қоршаған эмиссиялар үшін осы шешімде белгіленген мөлшерлемелер қолданылады".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ. Капенов
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады