Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 15.05.2019 № 312/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылату туралы" № 356/47 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4671 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінің № 33 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспе бөлігінде "387-бабының 1-1-тармағына" деген сөздер мен сандар "386-бабының 5-тармағына" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешен мен коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |