Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 15.05.2019 № 312/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына және 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 16.03.2016 № 429/56 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешен мен коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Омарғалиев |