Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы "Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 330/39 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 19/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 мамырда № 5130 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 414/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 23.01.2020 № 414/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңы 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 34-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымындағы "Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4593 тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі "Отарқа" газетінде, 2015 жылғы 23 шілдедегі "Голос Экибастуза" газетінде жарияланған) № 330/39 шешіміне (бұдан әрі-шешім) келесі толықтырулар енгізілсін:

      1) шешімнің тақырыбындағы "спорт" сөзінен кейін ", ветеринария" сөзімен толықтырылсын.

      2) шешімнің 1-тармағындағы "спорт" сөзінен кейін ", ветеринария" сөзімен толықтырылсын.

      2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы Б. Құспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады