Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 414/52 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қаңтарда № 6721 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы "Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 330/39 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4593 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі "Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы "Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 330/39 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 19/4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5130 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық
      мәслихатының сессия төрағасы Э. Абдинов
      Екібастұз қалалық
      маслихатының хатшысы Б. Куспеков

  Екібастұз қалалық
мәслихатының 2020
жылғы 23 қаңтардағы
№ 414/52 шешіміне
қосымша

Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын
және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария
ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық
көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша
әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      1. Бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі - мамандар) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау және төлеу уәкілетті орган - "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда жеке (карточкалық) шотының болуын растайтын құжатты қоса бере отырып, мемлекеттік ұйымның бірінші басшысы бекіткен тізім негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдауды төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың жеке (карточкалық) шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.

      5. Отбасында екі және одан да көп маман тұрған жағдайда әлеуметтік қолдау осы адамдардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.

      6. Мамандарға әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 25.08.2022 № 139/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады