Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде толық жол жүру билетінің 50% мөлшерінен қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) "Екібастұз автовокзалы – саяжай" қатынасындағы маршрутты қоспағанда жеңілдікпен жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы азаматтары үшін белгіленсін:
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
2) үшінші топтағы мүгедектер.
2. Жеңілдікке құқықты растайтын құжат болған кезде Екібастұз қаласы азаматтарының мынадай санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
4) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
5) мүгедек балаларға;
6) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;
8) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;
9) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 29.04.2022 № 292/4 бірлескен қаулысымен және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 29.04.2022 № 116/18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде "Екібастұз автовокзалы – саяжай" маршруты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы азаматтары үшін белгіленсін:
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
2) үшінші топтағы мүгедектер.
4. Қаржыландыру көзі болып Екібастұз қаласының бюджеті белгіленсін.
5. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі және Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі "Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен № 733-1/7 қаулысының және № 43/7 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5198 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
7. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Кантарбаев |
Екібастұз қалалық мәслихатының сессия төрағасы | Л. Бекбергенова |
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Куспеков |