Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 25.11.2019 № 266/56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г.Ғ. Құрманғалиева |
Мәслихат хатшысы | Ж.Ш. Ташенев |
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 31/5 шешімімен бекітілген |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің
және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 20.02.2018 № 161/29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия - өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Ақтоғай ауданы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Павлодар облысының статистикалық органдары есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
5) отбасының (азаматтық) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
6) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкiлеттi орган - "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Ақтоғай аудандық бөлімшесі;
9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Ақтоғай ауданы әкiмінің шешiмiмен құрылатын комиссия;
10) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
3. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкiлеттi орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.
6. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы және мереке күндерiнiң тiзбесi:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 9 мамыр - Жеңiс күнi;
3) 1 қазан - Халықаралық қарттар күні;
4) қазаның екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні.
7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін, Павлодар облысының жергілікті атқарушы орган бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін
айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8. Әлеуметтік көмек Ақтоғай ауданының аумағында тұрақты тұратын, келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектерiне;
2) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестiрiлген тұлғаларға, атап айтқанда:
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушы тұлғаларға;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясы (әрі қарай - ЧАЭС) апатының зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға;
3) жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан ҰОС қатысушыларына теңестiрiлген тұлғаларға, атап айтқанда:
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;
қайтыс болған ҰОС мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған ҰОС қатысушыларының, жалпы сырқат салдары, еңбек жарақаты және басқа да себеп (заңға қарсысын есептемегенде) нәтижесінде мүгедек деп танылған екiншi рет некелеспеген әйелдерiне (күйеулерiне);
ҰОС жылдары тылда атқарған қажырлы еңбегі, мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (әрі қарай - КСРО) ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға;
4) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен қалтықсыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған тұлғаларға;
5) зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға, атап айтқанда:
80 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға;
төмен мөлшерде зейнетақы және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын тұлғаларға;
6) мүгедектер, атап айтқанда:
бірінші топтағы мүгедектерге;
екінші топтағы мүгедектерге;
үшінші топтағы мүгедектерге;
18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек балалары бар отбасыларға;
7) табыс көзі күнкөріс деңгейнің 50 (елу) % аспайтын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы, аз қамтылған отбасыларға;
8) бір адамға шаққандағы табысы белгіленген күнкөріс шегі мөлшерінен аспайтын, облыстың жоғары оқу орындарында оқитын аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттеріне және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мен жетім-балаларға;
9) аз қамтамасыз етілген азаматтарға, атап айтқанда:
бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
табысы күнкөріс шегі мөлшерінен аспайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген және кәсіби оқу мен қайта дайындықты өтеуге жіберілген жұмыссыз азаматтарға;
өрт, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалған тұлғаларға;
жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын өмірдің қиын жағдайына тап болған аурудың нәтижесінде ұзақ емделуді қажет ететін тұлғаларға;
кірісі күнкөріс деңгейінен аспайтын 12 аптаға дейін аудандық ауруханаға жүктілігіне байланысты дер кезінде есепке тұрған, жүкті әйелдерге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы отбасыларға;
10) әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын азаматтарға, атап айтқанда:
онкологиялық аурулардан зардап шегуші тұлғаларға;
адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегуші тұлғаларға;
туберкулездің әртүрлі формаларынан зардап шегуші тұлғаларға;
қант диабеті ауруынан зардап шегуші тұлғаларға;
11) "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар.
9. Уәкілетті орган кірісін ескере отырып әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) атаулы және мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Жеңіс күніне орай, осы Қағиданың 8 тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Халықаралық әйелдер күніне орай, осы Қағиданың 8 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
Халықаралық қарттар күніне орай уәкілетті ұйымның және мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тізімдері негізінде 8-тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай, осы Қағиданың 8 тармағының 6) тармақшасында бірінші,екіншіжәне төртіншіабзацтарында көрсетілген санаттарға уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағиданың 8 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмысына ауылдық округ әкімінің дайындаған сметасына және жеке өтініші негізінде - 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткішке дейін (әрі қарай - АЕК) әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 6) тармақшасында үшіші абзацта көрсетілген санаттар үшін, уәкілетті ұйыммен келісілген тізім негізінде - 3000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 9) тармақшасында бірінші абзацта көрсетілген санаттар үшін, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге "Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімі мен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы бойынша біржолғы әлеуметтік көмек алу үшін жеке өтініші негізінде - 5 (бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 9) тармақшасында үшінші абзацта көрсетілген санаттар үшін, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге Ақтоғай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің анықтамасы, тұрғын-үй тұрмыстық акті және жеке өтініші негізінде - 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 10) тармақшасында бірінші абзацта көрсетілген санаттар үшін, дәрі-дәрмек сатып алуға осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге науқастың Павлодар облысы онкологиялық диспансерінде есепте тұрғаны туралы анықтамасы және жеке өтініші негізінде - 7 (жеті) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының екінші абзацта көрсетілген санаттар үшін, дәрі-дәрмек сатып алуға осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге тиісті медицина мекемесінің анықтамасы және жеке өтініші негізінде - 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 10) тармақшасында төртінші абзацта көрсетілген санаттар үшін, дәрі-дәрмек сатып алуға осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге науқастың "Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында есепте тұрғаны туралы анықтамасы және жеке өтініші и негізінде - 5 (бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағиданың 8 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, облыс орталығына бару және қайтудың жол ақысын төлеуге ауылдық округ әкімдерімен келісілген тізім негізінде - 2 (екі) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 5) тармақшасында екінші абзацта көрсетілген санаттар үшін, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерін төлеуге осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі және жеке өтініші негізінде - 2 (екі) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағиданың 8 тармағының 1), 2), тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін, дәрі-дәрмек сатып алу үшін осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшасында қөрсетілген құжаттармен бірге өтініші негізінде 1 (бір) АЕК және коммуналдық қызметті төлеуге 3,6 (үш бүтін алты) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 6) тармақшасында бесінші абзацта көрсетілген санаттар үшін, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге медико-әлеуметтік сараптаманың баланың мүгедектігі туралы анықтамасының көшірмесі, ата-анасының бірінің өтініші негізінде - 2 (екі) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 10) тармақшасында үшінші абзацта көрсетілген санаттар үшін осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге "Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік мекемесінің тізімі және жеке өтінішінің негізінде - амбулаторлық емдеуді өту кезеңінде жақсартылған тамаққа 6 (алты) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек.
осы Қағиданың 8 тармағының 11) тармақшасыда көрсетілген санаттар үшін мектепке дейінгі ұйымдарға қатыстын балаларға "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімге сәйкес, жүгінген айдан бастап 3 (үш) АЕК мөлшерінде ата-аналық төлем төлеу.
10. Уәкілетті орган кірісін ескере отырып әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) біржолғы әлеуметтік көмек:
осы Қағиданың 8 тармағының 7) тармақшасында санаттар үшін, уәкілеттім ұйыммен келісілген тізім негізінде "Мектепке жол" акциясы бойынша бір оқушыға - 3 (үш) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 9) тармақшасында көрсетілген табыс көзі күнкөріс деңгейнің 50 (елу) % аспайтын санаттар үшін, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге өтініші негізінде көмір сатып алуға - 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 9) тармақшасында бесінші абзацта көрсетілген санаттар үшін, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге "Ақтоғай аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында есепте тұрғаны туралы жөнінде медициналық анықтамасы көрсетілген өтініштің негізінде - 7 (жеті) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 9) тармақшасында алтыншы абзацта көрсетілген санаттар үшін, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге малдың бар (жоғы) туралы ауылдық округ ветеринарының анықтамасы, сатып алынатын малдың төлқұжатының көшірмесі, малды сатып алу туралы ниет-шарты, малды сатып алу туралы баламалы ниет-шарты және өтініші негізінде ірі немесе ұсақ қара мал сатып алуға - 80 (сексен) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
осы Қағиданың 8 тармағының 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4), 5) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге өтініші негізінде, оқу төлем ақысын нақты төлем ақы мөлшерінде жартыжылда бір рет және жоғары оқу орындарында оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге ай сайынғы - 10 (он) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
осы Қағиданың 8 тармағының 8) тармақшасында екінші абзацта көрсетілген санаттар үшін, осы Қағиданың 13-тармағы 1), 2), 3), 4) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге оқушының сабаққа қатысу табелінің көшірмесі көрсетілген өтініштің негізінде - 5 (бес) АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек;
11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Арнайы комиссия әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілетті органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органмен бекітетін тізімі бойынша көрсетіледі.
13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидамен бекіткен нысанда адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және немесе құжатты ұсынады.
14. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидалардың 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күн ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күн ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру жүргізуден бас тартқанда, жалтарғанда.
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайда.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару негіздемелері
24. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Ақтоғай ауданы аумағы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5-тарау. Қорытынды ереже
26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.