Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қарашадағы № 266/56 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қаңтарда № 6708 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қазандағы № 67/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 12.10.2023 № 67/9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихатының бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Ш. Садвакасов
      Ақтоғай аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж. Ташенев

  Павлодар облысы
Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 25 қарашасы
№ 266/56 шешімімен
бекітілген

Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 29.04.2022 № 106/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына,Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясының Павлодар облысы бойынша (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтоғай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Қазақстан Республикасы халықтық экономика Министірлігі статистика комітеті және Павлодар облысы бойынша статистика Департаменті есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - "Ақтоғай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешім қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, алушының шотына аудару жолымен банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар, ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы көрсетіледі.

      4. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:

      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

      3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      6) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      3) еңбек ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      4) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      5) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар:

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар;

      6) мүгедектер, атап айтқанда:

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;

      1 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      2 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;

      18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар мүмкіндігі шектеулі студенттер;

      7) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);

      8) облыстың жоғары оқу орындарында оқитын, отбасының мүшесіне шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан студенттерге, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      9) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:

      пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын мүмкіндігі шектеулі барлық санаттағы адамдар, көп балалы отбасылар, өтініш берген мерзімде ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстары бар отбасылар;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;

      10) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:

      онкологиялық аурумен ауыратын адамдар;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балалар;

      амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғалар;

      қант диабеті ауруынан зардап шегетін тұлғаларға.

      8. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:

      Халықаралық әйелдер күніне 7-тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;

      Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне үшінші абзацтарының 7-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Отан қорғаушы күніне екінші абзацтарының 7-тармағы 1) тармақшасында, 2 абзацының 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Жеңіс күніне 7-тармақтың екінші абзацтың 2) тармақшасында екінші, үшінші абзацтарының 3) тармақшасында, үшінші, төртінші абзацтарының 4) тармақшасында, көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Конституция күніне бесінші, алтыншы абзацтарының 7-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне бірінші, екінші абзацының 7-тармағы 5) тармақшасында, екінші, үшінші, төртінші абзацтарының 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде заңды өкілдердің санаторий-курорттық емделуге 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде ілесіп жүруіне арналған Үлгілік қағидалардың 7-тармағы 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін;

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 50 (елу) АЕК мөлшерінде, үшінші абзацының 7-тармағы 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде, төртінші абзацының 7-тармағы 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынынан анықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, екінші абзацының 7-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      ШЖҚ "Ақтоғай аудандық ауруханасы" КМК ұсынатын тізім негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, ауруды растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасының алтыншы абзацында 10 (он) АЕК мөлшерінде көрсетілген санат үшін;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, ауруды растайтын науқастың шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында есепте тұрғаны туралы анықтама негізінде, өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасының жетінші абзацында 5 (бес) АЕК мөлшерінде көрсетілген санат үшін;

      Осы Қағидалардың 7 – тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде тісті протездеуге – алушының мәртебесін растайтын құжатты, орындалған жұмыстар актісін, фискалдық чекті қоса бере отырып өтініш негізінде.

      3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың екінші абзацттын 2) тармақшасында, төртінші абзацттын 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, үшінші, төртінші абзацтарының 7-тармағы 6) тармақшасында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;

      7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізіндетиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, 4 абзацының 7-тармағы 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      ШЖҚ "Ақтоғай аудандық ауруханасы" КМК ұсынатын тізім негізінде бесінші абзацының 7-тармағы 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      7-тармақтың 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санат үшін ауылдық жерлерде тұратын мүгедектерге гемодиализ процедураларын алу үшін 10 (он) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымнын ұсынған тізім негізінде;

      Үлгілік қағидалардың 13-тармағының 1) тармақшасында құжатты және медициналық мекемеде емдеу курсын алғаны туралы растау аңықтамасын қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, гемодиализ алу мерзімінде жол жүруге 7-тармақтың 6) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында көрсетілген санат үшін.

      9. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін жарты жылда бір рет төленетін әлеуметтік көмек;

      Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) екінші абзацының 7-тармағы 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін біржолғы әлеуметтік көмек.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-25 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.

4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      13. Әлеуметтiк көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы Ақтоғай ауданының шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      14. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

5-тарау. Қорытынды ереже

      15. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiз

  Павлодар облысы
Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2019 жылғы 25 қарашадағы
№ 266/56 шешіміне
қосымша

Ақтоғай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 31/5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5199 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 31/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 105/20 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 5645 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қазанда "Ауыл тынысы", "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған);

      3. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 ақпандағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" № 31/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 161/29 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5898 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады